ҚР заңдарына сәйкес кәсіпкерлік қызметті бастауға қажетті қадамдар. Туризмде бизнес бастаудың тиімді жолдары. Туристік бизнестің салықтық және заңнамалық аспектілері. Әлемдік тенденциялар және отандық туризм жағдайы.

 

Уақыты:
кез келген уақытта, курсты өткеннен кейін материалдарды қайта қарауға болады

Ұзақтығы:
2 сағат, 5 модуль

Форматы:
Online

Тілі:
қазақша (дубляж)

Бағасы:
тегін

1 модуль.
Туризм экожүйесі, түсініктер аппараты, бенефициарлар мен стейкхолдерлер

2 модуль.
Туризмнің әлемдік трендтері және Қазақстанның бәсекелестік басымдықтары

3 модуль.

Туризм, ел экономикасының басым бағыты ретінде: саланы қолдау шаралары және инвестиция тарту

4 модуль.
Туристік бизнесті адал түрде жүргізу жолдары. Салық және заңнама

5 модуль.
Қазақстан туризмінің практикалық аспектілері

Ержан Еркінбаев
ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі
Қайрат Садуақасов
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары
Әсем Қозбағарова
SkyWay туроператорының директоры
Талант Рамазанов
Құқықтық мәселелер жөніндегі сарапшы
Антон Митин
Almaty City Tour және ACT Қазақстан туроператорының директоры

Ержан Еркінбаев
ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі

  • Қазақстанда Marriott қонақүйлер кешенін іске қосу және дамыту жобаларының жетекшісі
  • Білім беру саласындағы халықаралық жобаларды дамыту жөніндегі департаментті басқарған (Capital Partners)
  • 10 жылдан астам жоғары басшылық қызметтер атқарған (Шымбұлақ, Медеу, Алматы зообағы)
  • НЕС Париж бизнес мектебінің түлегі

Әсем Қозбағарова
SkyWay туроператорының директоры

  • Туристік салада 12 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар
  • 4 жыл бойы Қазақстандағы ішкі және келу туризмі саласын дамытумен айналысып келеді
  • Астана ЭКСПО-2017 ресми туроператоры
  • Programme COPERNIC магистрі, Франция, Париж

Талант Рамазанов
Құқықтық мәселелер жөніндегі сарапшы

  • Бизнес жобаларды консультациялық сүйемелдеуде 15 жылдан астам тәжірибесі бар 
  • Туристік саламен байланысты заң жобаларын дайындау мәселелері бойынша консултациялар жүргізеді
  • Үкімет пен Нұрсұлтан Назарбаев қорының бірлескен жобасы «Өзгерістерді басқару бойынша салалық менеджерлерді даярлау бағдарламасына» Туризм бағыты бойынша ментор ретінде қатысқан
  • «Red Bus» туристік стартапының жетекшісі

Қайрат Садуақасов
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары

  • 18 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, оның 8 жылы мемлекеттік секторда
  • Нью-Йорк университетінің туризмді басқару  магистрі
  • PR және халықаралық консалтинг саласында жұмыс істеген
  • Өнеркәсіптік және көліктік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ қазақстандық компаниялары мен әуе компанияларын шетелде ілгерілетуге қатысқан
  • Қазақстан туризмін дамыту бойынша түрлі стратегиялар мен бас жоспарлар жасауға ат салысқан
  • Елдегі және шетелдегі салалық шаралардың спикері және модераторы, сондай-ақ Қазақстандағы туризм мектептерінің спикері

Антон Митин
Almaty City Tour және ACT Қазақстан туроператорының директоры

  • Қазақстан және басқа да мемлекеттердегі ішкі туризм бойынша 11 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар
  • ҚР ішкі және келу туризм саласындағы көшбасшы компанияның жетекшісі
  • 6 жыл ішінде компания оның жетекшілігімен 100-ден астам жаңа турөнім жасап, шетелден келетін туристер санын 6 есе ұлғайтып, сатылымдарды 10 есе арттырған
  • Менеджмент және кәсіпорындардың бизнес-процестерін автоматтау бойынша маман
  • Қазақстан университеттерінде туризм бойынша лекциялар оқиды
  • Туроператорлық және сабақтас салалардағы менеджмент тақырыбында ондаған тренингтер өткізген