Жобаның мақсаты – туризм саласындағы кәсіпкерлерге күнделікті қызметтеріне қажет болатын ақпарат беру, түрлі сала бойынша тәжірибеге негізделген біліммен бөлісу, тұрақты оқып, кәсіби тұрғыда өсуге жағдай жасау.
COVID-19 пандемиясы әлемдік туризмге үлкен әсерін тигізді. Қазақстан да одан сырт қалған жоқ. Шекаралардың жабылуы елдегі ішкі туризмге деген қызығушылықтың артуына әкелді. Ал оның нәтижесінде туристік бизнесте қызмет көрсететін субъектілер иелері арасында аталмыш саланы дамыту жолдарын нұсқайтын, жаңа ақпарат ұсынатын, тәжірибелік біліммен бөлісетін оқу алаңына деген сұраныс пайда болды. Осы мақсатта құрылған Онлайн академия экономикалық дағдарыс пен пандемия жағдайында кәсіпкерлерге нарық талап етіп отырған жаңа көзқарас пен трендтер жөнінде білім алуға көмектеседі.
Қатысушыларға 5 курстың ішінде 5 бағыттың біреуі бойынша жоба жазу талап етілді:
– Авторлық турлар және әлеуметтік желілердегі туризм.
– Тақырыптық туризм
– Кемпинг және автокеруенмен саяхат
– Агротуризм және қолөнер кәсібі
– Белсенді және экологиялық туризм
1 орын – “Қостанай облысы Жангелді ауданындағы жылжымалы киіз үй глэмпингі” жобасы Жоба авторы – Әмірхамзина Салтанат Мақсұтқызы, Әмірхамзин Амандық Қорғанұлы (Нұр-сұлтан қаласы)
2 орын – “Жаяу туристік соқпақты әзірлеу-Сакральды Маңғыстау” жобасы Жоба авторы – Донченко Игорь (Ақтау қ.)
3 орын – “Белсенді және экологиялық туризм-DemaLike” жобасы Жоба авторы – Мырзабеков Ғалымжан Мұхаметәліұлы (Алматы қаласы)
4 орын – “Балқаш курорттық аймағында туризмді дамыту” жобасы Жоба авторы – Әділбай Ғазиза Маратқызы (Шымкент қаласы)
5 орын – Авторлық және тақырыптық турлар жобасы
Жоба авторы – Айдана Әбдіқалық (Шымкент қ.)