Қазақстан туризмінің онлайн академиясы – отандық туризм саласында қызмет ететін кәсіби мамандардың білімі шоғырланған платформа. Мұнда туризм саласында қалай бизнес ашуға болатынын үйреніп, іске қосылған бизнестің аясын кеңейту жолдарын білетін боласыздар.
Жобаның мақсаты – туризм саласындағы кәсіпкерлерге күнделікті қызметтеріне қажет болатын ақпарат беру, түрлі сала бойынша тәжірибеге негізделген біліммен бөлісу, тұрақты оқып, кәсіби тұрғыда өсуге жағдай жасау.
COVID-19 пандемиясы әлемдік туризмге үлкен әсерін тигізді. Қазақстан да одан сырт қалған жоқ. Шекаралардың жабылуы елдегі ішкі туризмге деген қызығушылықтың артуына әкелді. Ал оның нәтижесінде туристік бизнесте қызмет көрсететін субъектілер иелері арасында аталмыш саланы дамыту жолдарын нұсқайтын, жаңа ақпарат ұсынатын, тәжірибелік біліммен бөлісетін оқу алаңына деген сұраныс пайда болды. Осы мақсатта құрылған Онлайн академия экономикалық дағдарыс пен пандемия жағдайында кәсіпкерлерге нарық талап етіп отырған жаңа көзқарас пен трендтер жөнінде білім алуға көмектеседі.
