Бұл курс әкімдік мамандарына және өңірлерде туризм саласын дамытамын деушілерге арналған. Біз аймақтың табиғи және мәдени әлеуетін – қонақтарды тартып, табыс әкелетін туристік жобаларға қалай айналдыруға болатынын көрсетеміз.
Курста сіз жергілікті халық, бизнес пен мемлекеттің күшін біріктіре отырып, бірегей туристік өнімдер жасауды және оларды нарықта ілгерілетуді үйренесіз. Сондай-ақ өңірдегі туризмді басқарудың заманауи моделі қандай екенін және оны іс жүзінде қолдануды қарастырамыз. Біз маркетинг пен туризмнің тұрақты даму құралдарын, яғни өңіріңізді тартымды туристік дестинацияға айналдыруға көмектесетін құралдарды талдаймыз.