• Тегін

Курс барысында сіздер глэмпингтің не екенін біліп, бұл ұғымның қалыптасу тарихы мен қазіргі туризм индустриясындағы алар орнымен танысасыздар. Біз глэпмпингтердің экожүйесі, олардың тұрақты дамуына қажетті құрамдастары және глэмпинг салудың экологияға зиянсыз жолдары жайлы ой тарқатамыз. Бұл саланың еліміздегі қазіргі жағдайы мен болашақ әлеуетін талдаймыз. Қазақстандағы глэмпингтердің табысты мысалдарын талдаймыз. Сонымен қатар осы салада іс жүргізу мен бизнес-жоспар жасауды үйренесіздер.

 

Глэмпингтің даму тарихы. Салтанатты шатырлардан бастап жекелеген туризм саласына дейін
Глэмпингтің даму тарихы. Салтанатты шатырлардан бастап жекелеген туризм саласына дейін
Глэмпинг деген не? Глэмпингтің шығу тарихы қандай? Глэмпингтің туризмнің басқа түрлерінен айырмашылығы неде? Оның құрылымы мен негізгі стандарттары қандай? Глэмпингтердің қандай түрлері бар? Қазақстандағы глэмпинг-отельдердің ерекшелігі неде? Бірінші модульде осы және басқа да сұрақтарға жауап аласыздар.
Глэмпингтердің экожүйесі: экологияға зиянсыз құрылыс салудың негізгі жолдары мен құрамдастары
Глэмпингтердің экожүйесі: экологияға зиянсыз құрылыс салудың негізгі жолдары мен құрамдастары
Осы модульдің аясында глэмпинг жасаудағы экожүйенің маңызына тоқталып, экологияға зиянсыз құрылыстарды салу жолдарын қарастырамыз.
Қазақстанда глэмпинг бизнесін жүргізу ерекшелігі. Бизнес-жоспар жасау жөнінде ақыл-кеңес
Қазақстанда глэмпинг бизнесін жүргізу ерекшелігі. Бизнес-жоспар жасау жөнінде ақыл-кеңес
Осы модуль барысында Қазақстанда глэмпинг бизнесін жүргізудің ерекшеліктері жайлы ой тарқатамыз. Оған қоса глэмпингтің бизнес-жоспарын құру кезінде кәдеге жарайтын ақыл-кеңес аласыздар.
«Қазақстандық глэмпинг портреті». Табысты мысалдарға талдау
«Қазақстандық глэмпинг портреті». Табысты мысалдарға талдау
Бұл модуль аясында Қазақстандағы танымал глемпингтер жайлы айтып береміз. Солардың сәулет-құрылысы мен кең тараған түрлерін талдаймыз.
Глэмпингтің ішінде: глэмпинг иелерінің бизнесті бастау және басқару жайлы айтқаны
Глэмпингтің ішінде: глэмпинг иелерінің бизнесті бастау және басқару жайлы айтқаны
Қорытынды модульде глэмпингтер жайлы аталмыш саладағы бизнес иелерінің өз аузынан естисіздер. Олар өз тәжірибесін, саланы дамыту ісін қалай көретіндерін, табысты бизнес құрудың құпияларын ортаға салады.
Мейірбек Нұржанов
Мейірбек Нұржанов
Мейірбек Нұржанов
«ҚазЭкоМодуль» бас сәулетшісі
Толығырақ
Елена Ахмедова
Елена Ахмедова
Елена Ахмедова
«Магазин домов» ЖШС директоры
Толығырақ
Сіздерге қызық болар басқа да курстар: