Бұл курс гастрономиялық туризмнің, саяхат саласының жекелеген бағыты ретіндегі ерекшеліктерін айқындайды. Оқу кезінде сіздер саланың теориялық негізі жайлы ақпарат алып, Қазақстан мен шет елдерде гастротуризмді дамыту тәжірибесімен танысасыздар. Сала мамандары гастротуризмде бар мүмкіндіктер мен мәселелер жайлы ой тарқатып, жаңа гастротуристік өнім жасауға жарайтын идеялар мен нәтижелі құралдарды ұсынады.