Бұл курс туризм индустриясы шеңберінде ағылшын тілін үйренудің негізгі аспектілері мен ерекшеліктеріне арналған. Оқу барысында ағылшын тілінің саяхат саласын дамытудағы рөлі мен маңызы айқындалады. Тренерлер ағылшын тілін білетіндердің алдынан ашылатын перспективалар мен карьераны өрге домалатар мүмкіндіктер жайлы айтып береді. Сіздер ағылшын тілін үйренуге арналған заманауи ресурстар мен тіл білу деңгейін анықтайтын жүйелермен танысасыздар. Сабақтарда түрлі жағдайда шетелдік туристермен арада өрбуі мүмкін диалог үлгілері беріледі.