• Тегін

Бұл курс туризм саласындағы қаржылық есеп, салықтық міндеттемелер мен бухгалтерлік аудит мәселелерін қамтиды. Қатысушылар заманауи технологиялар арқылы қаржылық есеп жүргізудің ерекшеліктері, кәсіпкерлердің салық режимдері және 1С бағдарламасын қолдану арқылы бухгалтерлік жазбаларды рәсімдеу әдістерін үйренеді. Курс туризм бизнесін тиімді басқару үшін қажетті дағдыларды дамытуға бағытталған.

Уақыты
Уақыты
10/10/2024
Тіл
Тіл
Қазақ тілінде + орысша субтитрлермен
Ұзақтығы
Ұзақтығы
30 минут
Формат
Формат
Онлайн
Бағасы
Бағасы
Тегін
Туризмде қаржылық есеп жүргізу ерекшеліктері
Туризмде қаржылық есеп жүргізу ерекшеліктері
Бұл сабақта туризм саласындағы қаржылық есеп жүргізудің ерекшеліктері мен қиыншылықтары қарастырылады. Қаржылық есептің маңыздылығы, қажетті рәсімдер және заманауи технологияларды пайдалану арқылы есептілікті тиімді жүргізудің жолдары түсіндіріледі.
Салық есептілігі және туризмдегі заңнамалық талаптар
Салық есептілігі және туризмдегі заңнамалық талаптар
Бұл сабақта Қазақстан Республикасында туризм саласындағы кәсіпкерлердің салықтық міндеттемелері мен есептіліктің ерекшеліктері талқыланады. Туроператорлар, қонақ үйлер және гид қызметтерінің салық режимдері, төленетін салықтардың түрлері және есептілікті онлайн түрде тапсыру тәсілдері жөнінде ақпарат беріледі.
Туризмдегі қаржылық аудит және ішкі бақылау
Туризмдегі қаржылық аудит және ішкі бақылау
Бұл сабақта туризм бизнесін дамыту мен жоспарлау, қаржылық аудиттің маңызы және бухгалтерлік есепті жүргізудің әдістері қарастырылады. Сабақ барысында қатысушылар қаржылық аудиттің компанияның тұрақтылығына, ашықтығына және тиімділігіне қалай ықпал ететінін үйренеді. Сондай-ақ, 1С бухгалтерлік бағдарламасының онлайн нұсқасын пайдалану арқылы бухгалтерлік жазбаларды жүргізу, электрондық шот-фактураларды рәсімдеу және кассалық операцияларды орындау мәселелері талқыланады.
Камилла Тұяқова
Камилла Тұяқова
Камилла Тұяқова
КБК компаниясының директоры
Толығырақ
Сіздерге қызық болар басқа да курстар: