• Тегін

Курс барысында тұрақты туризмнің не екенін білесіздер, оның ерекше белгілерімен және негізгі принциптерімен танысасыздар. Қонақжайлық және туристік индустрияда тұрақты өнімдер мен ұсыныстар жасау арқылы туристік нарықта қалай бәсекеге қабілетті болу туралы кеңестер аласыздар. Халықаралық сертификаттаудың маңыздылығы мен артықшылықтары туралы айтып, жаһандық тұрақты туризм стандарттарының негізгі критерийлерін қарастырамыз.

Тұрақты туризм. Саяхат саласындағы тұрақтылық қағидалары
Тұрақты туризм. Саяхат саласындағы тұрақтылық қағидалары
Тұрақты туризмнің қандай қағидалары барын және сол қағидаларды ұстану табиғат пен мәдениетті сақтап қана қоймай, табысты арттыруға қалай септігін тигізетінін білесіздер.
Қонақүй бизнесіндегі тұрақты даму. Қазақстандық қонақүйлерде тұрақтылық тәжірибелерін енгізу жолдары
Қонақүй бизнесіндегі тұрақты даму. Қазақстандық қонақүйлерде тұрақтылық тәжірибелерін енгізу жолдары
Бұл модульде Sheraton Astana Hotel қонақүйін мысалға алып, қонақүй бизнесінде тұрақты даму үшін не істеуге болатынын білесіздер. Қонақүйлер мен қызмет көрсету кәсіпорындарында жүзеге асыруға болатын бастамалармен танысып, ақыл-кеңес аласыздар.
Авиаиндустириядағы экологиялық инновациялар көмегімен тұрақты туризмді ілгерілету. Әуе тасымалы саласында тұрақты жобаларды іске асыру
Авиаиндустириядағы экологиялық инновациялар көмегімен тұрақты туризмді ілгерілету. Әуе тасымалы саласында тұрақты жобаларды іске асыру
Үшінші модульде бизнес өкілдерінің туристерді тұрақты және саналы түрде ұшуға қалай ынталандыра алатынына тоқталамыз. Сондай-ақ тұрақты жолаушылар тасымалы арқылы туризм нарығында бесекелестерден озып, турөнім сапасын жақсартудың мән-жайын білесіздер.
Тұрақты туризмдегі сертификаттау. Халықаралық сертификаттаудың негізгі критерийлері мен басты артықшылықтары
Тұрақты туризмдегі сертификаттау. Халықаралық сертификаттаудың негізгі критерийлері мен басты артықшылықтары
Бұл модульде Good travel seal бағдарламасын негізге алып, халықаралық сертификаттаудың туристік бизнес үшін қандай талап қоятынын, сертификаттың бизнес үшін қандай пайда әкелетінін айтамыз.
Сөз төркіні - тұрақты туризм. Саладағы тәжірибелер, сын-қатерлер, перспективалар туралы сарапшылар пікірі
Сөз төркіні - тұрақты туризм. Саладағы тәжірибелер, сын-қатерлер, перспективалар туралы сарапшылар пікірі
Курстың бесінші модулі Қазақстандағы тұрақты туризм саласындағы өзекті мәселелерге арналған. Сарапшылар тұрақты туризмнің не екенін, қандай экологиялық таза көлік түрлері бар екенін, қоқыс жинау және қалдықтарды сұрыптауды қалай ұйымдастыру керектігін айтып береді, Community based tourism мен Sustouka жобасына тоқталады.
Кайрат Садвакасов
Кайрат Садвакасов
Кайрат Садвакасов
«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы
Толығырақ
Ольга Медведева
Ольга Медведева
Ольга Медведева
Қазақстан-Қырғызстан аймақтық негізгі клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер, Lufthansa Group
Толығырақ
Малика Айдарханова
Малика Айдарханова
Малика Айдарханова
Орталық Азия бойынша жетекші аудитор, Green Destinations
Толығырақ
Медет Әбдірешов
Медет Әбдірешов
Медет Әбдірешов
Отельер
Толығырақ
Сіздерге қызық болар басқа да курстар: