• Тегін

Курс аясында туристік және экскурсиялық қызмет қауіпсіздігінің негізгі аспектілері туралы білесіздер. Атап айтқанда, «Төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керек?», «Ұйымдастырушылар мен туристер қандай ережелерді сақтауы керек?» және «Белгіленген ережелерді сақтамау өмірге және бизнеске қандай қауіп төндіреді?» деген сұрақтарға жауап аласыздар. Туристердің көліктегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекшеліктері, туристерді тасымалдау кезінде сақталуы маңызды техникалық талаптар туралы сөз қозғаймыз. Тау турларының қауіпсіздік техникасы мен тәуекелдерін бағалауға, треккингке қатысушыларға қажетті нақты дағдыларға тоқталамыз.

Туристік және экскурсиялық қызмет қауіпсіздігінің негізгі аспектілері
Туристік және экскурсиялық қызмет қауіпсіздігінің негізгі аспектілері
Модуль барысында турларды және экскурсияларды ұйымдастыру кезінде негізгі қауіпсіздік ережелерін қалай енгізу керектігін, сондай-ақ қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдары қандай болатынын білесіздер.
Туристік тасымал қауіпсіздігі. Туризмдегі көлік қызметін көрсету нормалары
Туристік тасымал қауіпсіздігі. Туризмдегі көлік қызметін көрсету нормалары
Бұл модульде көлікпен саяхаттағанда қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мән-жайы туралы айтамыз. Жер үсті көлігінің ерекшелігіне, жол-көлік оқиғалары кезіндегі туркомпаниялар мен қызметкерлердің әрекетіне тоқталамыз.
Тау турлары мен трекингтер кезінде тәуекелдерді бағалау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 1-бөлім
Тау турлары мен трекингтер кезінде тәуекелдерді бағалау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 1-бөлім
Үшінші модуль тау турлары мен треккингтер кезіндегі қауіпсіздік тақырыбына арналған. Көп жылдық тәжірибе негізінде спикер тау жорықтарын дұрыс ұйымдастыру және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша өз білімін бөліседі.
Тау турлары мен трекингтер кезінде тәуекелдерді бағалау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 2-бөлім
Тау турлары мен трекингтер кезінде тәуекелдерді бағалау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 2-бөлім
Төртінші модульде тау турларын өткізетін гид пен нұсқаушының жұмысы мен негізгі міндеттерімен танысасыздар. Сонымен қатар, тау жорығына шығарда не керек боларын ортаға саламыз.
Саяхат қауіпсіздігі. Қауіпсіз туристік орта құру жайындағы сарапшылар пікірі
Саяхат қауіпсіздігі. Қауіпсіз туристік орта құру жайындағы сарапшылар пікірі
Қорытынды модульде Қазақстанның туристік нарығының қатысушылары туристік қызметтегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету ерекшеліктерін талқылап, тәжірибелерін бөліседі.
Рано Матрузиева
Рано Матрузиева
Рано Матрузиева
Туризм нұсқаушысы, спорттық туризм бойынша төреші
Толығырақ
Руслан Байбуриев
Руслан Байбуриев
Руслан Байбуриев
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ның Рекреациялық география және туризм кафедрасының аға оқытушысы, «Жастур» туризм және спорт клубының президенті
Толығырақ
Сіздерге қызық болар басқа да курстар: